Барлық пайдаланушыларға!
«Авторлар әндерінің одағы» РҚБ-гі Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңының 45 бабына сәйкес, барлық пайдаланушыларға басқаруындағы құқықтарды пайдалануға құқық берген.
Осы заңның 46-1 бабына сай, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көзделген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органда аккредиттеу туралы куәлік алуға құқылы.
Аккредиттеу туралы куәлікті алған мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым құқықтарды басқару туралы шарттар жасасқан құқық иеленушілердің құқықтарын басқарумен қатар мұндай шарттар жасаспаған құқық иеленушілер үшін де сыйақы жинауды жүзеге асыруға құқылы.
Яғни, бұл норма шарттар жасаспаған құқық иеленушілер үшін сыйақы жинауды жүзеге асыруға құқық береді.
Осының бәрі «Авторлар әндерінің одағы» РҚБ-не 5 жыл мерзімге берілетін аккредиттеу туралы куәліктердің мерзімі 14.12.2020 жылы өткендіктен түсіндіріліп жатқанын ескерулеріңізді сұраймын.
Сонымен бірге, Бірлестік отандық бірнеше мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдармен өзара мүдделілік білдіру туралы шарттар жасасқаны ескеріледі.
Сондықтан, барлық пайдаланушылар түзілген шарт негізінде берілген «Авторлар әндерінің одағы» РҚБ-нің репертуарындағы құқықтар мен шартқа отырған бірнеше ұйымдардың басқаруындағы құқықтарды пайдалануға құқылы.
Аккредитация мәселесі уақытша болып табылады, себебі азаматтық заңнама талаптарына сай аккредиттеу туралы куәліктерді жаңа мерзімге алуға шара көрілуде.
Туындаған барлық сұрақтармен тұрғылықты мекен жайға немесе өздеріңізге белгілі қызметкерлердің телефондарына және 87252-493181 телефонына немесе oo_sap@ mail.ru электрондық мекен жайға хабарласуларыңызға болады.