QAZAQSTAN, SHYMKENT
+7 (7252) 49-31-81
oo_sap@mail.ru

Пайдаланушыларға

«Авторлар әндерінің одағы» Республикалық қоғамдық бiрлестiгі

Құрметті авторлық құқық пайдаланушылары!

Қорғалатын авторлық құқық объектілері өмірде күнделікті пайдалану (көпшілік алдында орындау, қайта шығару, тарату, көбейту және т.б.) күнделікті және жер-жерде кездеседі. Алайда көбісі авторлық құқық объектілерін пайдаланғаны үшін авторлық сыйақы төлеу қажет екенін білмейді.

Авторлық және сабақтас құқықтарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары авторлық құқық объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалар құқық иеленушімен немесе авторлардың мүліктік құқықтарын басқаратын ұйыммен ұжымдық негізгі лицензиялық келісімге (міндетті түрде жазбаша түрде) жасасуы және пайдаланылған шығармалар туралы есеп бере отырып, туындыны пайдаланғаны үшін сыйақы төлеуі тиіс екендігін көздейді.

«Авторлар әндерінің одағы» РҚБ /АӘО РҚБ/ авторлық және сабақтас құқықтар иегерлерінің мүліктік құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру үшін құрылған.

Біздің ұйыммен Лецинзиялық шарт түзудің арқасында:

  • Сіз әрқашан білікті заңи көмек ала аласыз;
  • Сіз үшін үшінші тұлғалар тарапынан мүліктік талаптарды реттеуге кепілдік беріледі;
  • Біз өзіміз үшін ғана, біздің пайдаланушыларымыз үшін де тиімді және қолайлы шарт жағдайларын қарастыруға тырысамыз;
  • Авторлық құқықтың құқық иеленушілеріне сыйақыларын төлей отырып, Сіз біз секілді Республикамыздың және болашақ ұрпақтың мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосасыз.

Бастысы, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтай отырып, Сіз заңнамамен құқықтық қорғалатын авторлардың және басқа құқық субъектілерінің мүдделерінің, сондай-ақ басқа адамдардың абырой мен қадiр-қасиеттерінің бұзылуына жол бермейсіз.

Авторлық құқық туралы заңнама нормалары бұзылған немесе пайдаланушыларға сыйақы төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, бұл әрекет (әрекетсіздік) авторлық және сабақтас құқықтар заңнамасының нормаларын бұзу ретінде танылады және ҚР Заңының 48,49-баптарына сәйкес оларға қатысты ҚР заңнамасына сәйкес азаматтық және қылмыстық жауапкершіліктің басталуы көзделген.

Біздің ұсынысқа қызығушылық танытқандарды өзара ынтымақтастыққа шақырамыз.