QAZAQSTAN, SHYMKENT
+7 (7252) 49-31-81
oo_sap@mail.ru

Құқық иеленушілерге

«Авторлар әндерінің одағы» Республикалық қоғамдық бiрлестiгі

Құрметті авторлар мен композиторлар!

«Авторлар әндерінің одағы» РҚБ-ға мүліктік авторлық құқықтарды басқаруға беруге ниет білдіре отырып, оған көп уақыт, күш жұмсап, материалдық шығын шегіп, оның үстіне жүйкеңізді тоздырып, Сізге шығармаларыңызды пайдалану фактілерін қадағалаудың қажеті жоқ.

Басқару құқығын беру кезінде, Сіз үшін:

  1. АӘО РҚБ қызметкерлері сіздің шығармаңызды (драмалық, музыкалық-драмалық, әдеби, мәтінмен немесе мәтінсіз музыкалық, хореографиялық, бейнелеу) тізімге енгізу үшін шарт қосымшасын ұсынады және сізбен ұжымдық негізде авторлық құқықтарды басқару туралы шарт жасасады, сондай-ақ пайдаланушылардан АӘО РҚБ-ға түсетін қаражаттан авторлық сыйақыны жинауды және бөлуді жүзеге асырады;
  2. Білікті заңгерлер авторлық құқықпен байланысты сұрақтарда сізге қажетті заңи көмек көрсетеді;
  3. Бұдан басқа, сіз «АӘО» РҚБ-да сізге отандық пайдаланушылардан және шетелдік авторлық қоғамдардан жиналған Сізге тиесілі сыйақыны ала аласыз.

Өзінің мүліктік құқықтарын «АӘО» РҚБ-ға беретін авторда өзімен бірге:

  • Паспорт және / немесе жеке куәлік,
  • Есеп айырысу шоты.

сондай-ақ материалдар:

  • Музыка (кез келген тасымалдағыш),
  • Мәтін (қағазда ғана басылған немесе қолжазба) болуы қажет.