Біздің қоғамымыз туралы
«Авторлар әндерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (әрі қарай – Қоғам) туындылардың авторларының, орындаушыларының, фонограмма шығарушыларының, өзге де авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің, сонымен бірге олардың құқықтық мұрагерлерінің (әрі қарай – Құқық иеленушілер) мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау үшін құрылған.
Қоғам еріктілік және тең құқықтылық мүшелігінің, демократиялы өзін-өзі басқару және жариялық қағидалардың негізінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңына, «Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы» ҚР Заңына, басқа да зияткершілік құқық саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен Жарғыға сүйене отырып өз қызметін атқарады.
Қоғамның пәні Құқық иеленушілердің мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдерде олардың авторлық және сабақтас құқықтарын жүзеге асыру және қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғам республикалық мәртебеге ие және өз қызметін Қазақстан Республикасының барлық аумағында атқарады.
Қоғам халықаралық қоғамдық бірлестіктерге кіре алады, тікелей халықаралық байланыстар мен қатынастарда бола алады және тиісті келісімдер жасай алады.
Қоғамның ұйымдық құрылымы Қазақстанда аумақтық белгілері бойынша құрылатын филиалдардан және өкілдіктерден тұрады.
Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылмайды және Қоғамның Жарғысы мен филиалдар және өкілдіктер туралы Ережелер негізінде әрекет етеді.
Толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Авторлар әндерінің одағы» Республикалық қоғамдық бiрлестiгі;
орыс тілде: Республиканское общественное объединение «Союз авторов песен».
Қысқаша атауы:
мемлекеттік тілде: «АӘО» РҚБ
орыс тілде: РОО «САП»
Қоғамның мекен жайы:
160024, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,
Қайтпас мөлтек ауданы, Амангелді көшесі 22 үй.