QAZAQSTAN, SHYMKENT
+7 (7252) 49-31-81
oo_sap@mail.ru

ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«Авторлар әндерінің одағы» Республикалық қоғамдық бiрлестiгі

ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Пользователям

ROO SAP LOGO«АӘО» РҚБ-гі арадағы лицензиялық шарт талаптары бойынша орын алған қарыздар сыйақы соммасы мен пайдаланылған туындылар жөніндегі есеп бойынша Пайдаланушыға  талап жолдап, лицензиялық шарт талаптарының сақталуын сұрап, орындалмаған жағдайда сотқа талап қою арызын жолдап келген.

Бұл мәселе, ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңының 49 бабының 1-1 тармағындағы  «Егер шартта өзгеше көзделмесе, құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар субъектісі осы құқықтарды пайдаланушыға немесе басқа тұлғаға өтініш білдіргеннен кейін талап қою сотқа беріледі» деген, талабына сәйкес жүргізілген.

Ал, ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 20.06.2018 жылғы №161 Заңымен ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңының 49 бабының 1-1 тармағы алынып тасталды.

Сондықтан, Сіздерден заңнама талаптарына осындай өзгерістер енгізілгенін ескеріп, арамыздағы лицензиялық шарт ережелерінің дер кезінде орындалуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Айтылғандардың негізінде, Қоғам Пайдаланушыны алдын-ала ескертпей, тікелей сотқа жүгінуіне құқылы екендігін түсіндіреді.

 

Ізгі ниетпен,

«АӘО»  РҚБ-нің әкімшілігі